|
№ р/с
|
Іс-шараның атауы
|
Орындау мерзімі
|
Аяқтау нысаны
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
|
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің (бұдан әрі – Әдеп кодексі) талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету іс-шаралары
|
|
1.1.
|
Мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша (мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайы; қызметтік тәртіп; мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі; мемлекеттік қызметшілердің, олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік кепілдіктері; мемлекеттік қызметті тоқтату; қаржылық бақылау шаралары; сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер; мүдделер қақтығысы; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауаптылық.) консультациялық көмек көрсету
|
Үнемі
|
|
|
1.2.
|
Мемлекеттік қызметшілерге жеке тұлғалардың декларациясын (кірістері мен мүлкі туралы декларация) тапсыру мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету
|
2025 ж.
тамыз айына дейін
|
|
|
1.3.
|
Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу туралы консультациялық көмек көрсету
|
Мемлекеттік қызметшінің өтінімі бойынша
|
|
|
1.4.
|
Мемлекеттік органда жойылу (тарату), қайта ұйымдастыру, басқару құрылымын өзгерту және штат санын қысқарту түріндегі өзгерістер кезінде мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қорғау шаралары бойынша консультациялық көмек көрсету
|
Мемлекеттік органда жойылу (тарату), қайта ұйымдастыру, басқару құрылымын өзгерту және штат санын қысқарту түріндегі өзгерістер кезінде
|
|
2. Заңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға ықпал ету іс-шаралары
|
|
2.1.
|
Мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет кірген және оны тоқтатқаннан кейін қайтадан кірген азаматтарға:
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы және мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтау:
1) педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтi қоспағанда, басқа да ақы төленетін қызметпен айналысу;
2) кәсiпкерлiк қызметпен айналысу;
3) өзi қызмет iстейтiн не өзiне тiкелей бағынысты немесе өзiнiң тікелей бақылауындағы мемлекеттік органда үшiншi тұлғалардың істерi бойынша өкiл болу; 4) өзiнiң қызметтiк жұмысын материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз етуге арналған құралдарды, басқа да мемлекеттiк мүлiк пен қызметтiк ақпаратты қызметтiк емес мақсаттарда пайдалану;
5) ереуiлдi қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың қалыпты жұмыс iстеуiне және лауазымдық мiндеттердi орындауға кедергi келтiретiн әрекеттерге қатысу;
6) лауазымдық өкiлеттiктерiн атқаруына байланысты азаматтар мен заңды тұлғалардың көрсетілетiн қызметтерін жеке мақсаттарында пайдалану;
- мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттарын сақтау;
- мүлікті сенімгерлік басқаруға беру мәселелері бойынша оқыту жұмыстарын ұйымдастыру.
|
Лауазымға тағайындалған уақыттан бастап
бір айдың ішінде
|
|
|
2.2.
|
Мемлекеттік органда мемлекеттік қызметшінің өзінің жақын туыстарына қатысты жеке істерін (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын лауазымды атқаруы, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында болуы туралы талаптың сақталуы жағдайына мониторинг жүргізу
|
Жарты жылда
бір рет
|
2025 жылдың мамыр айында мемлекеттік органда мемлекеттік қызметшінің өзінің жақын туыстары атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын лауазымды атқаруы, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында болуы туралы талаптың сақталуы жағдайына зерделеу жүргізілді, департаментте ондай мемлекеттік қызметшілер анықталған жоқ.
|
|
2.3.
|
Мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет кірген және оны тоқтатқаннан кейін қайтадан кірген азаматтарға қатысты кәсiпкерлiк қызметпен айналысу жөніндегі шектеудің сақталуы және мүлікті сенімгерлік басқаруға беру мәселелерін зерделеу
|
Лауазымға тағайындалған уақыттан бастап
үш айдың ішінде
|
|
|
2.4.
|
Мемлекеттік органда мемлекеттік қызметшілерді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және Агенттікпен әзірленген материалдармен таныстыру, оның ішінде іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, ойын мекемесіне барудан тартыну және әріптестерге өзінің діни нанымдарын таңбауға, қол астындағы қызметшілерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу мәселелерін түсіндіру бойынша іс-шара ұйымдастыру
|
Тоқсан сайын
|
21.05.2025 ж. Әдеп жөніндегі уәкілдің үлгілік жоспарының 2.4 тармағын орындау мақсатында Мемлкеттік қызмет істер агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы С.Нариманов және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Абай облысы бойыншга депратмаентінің превенгция басқармасының бас маманы Б. Дүйсенованың қатысуымен ұжыммен мемлекеттік қызметшінің әдебі, жұмыс уақытының режимін сақтау, лудоманияның алдын алу, сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу мақсатында профилактикалық іс шара жүргізілді..
03.06.2025 ж. Әдеп жөніндегі уәкілмен мемлекеттік қызметшілермен діни көзқарас, мемлекеттік қызметшілер өзара қарым қатынаста әріптестерге өзінің діни нанымдарын таңбауға, қол астындағы қызметшілерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне қатысуға мәжбүрлемеуі туралы түсіндірме жүргізілді. Діни мақсаттағы заттарды пайдалану оны тарату және дінді насихаттау бойынша «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексімен және «Қазастан Республикасының Қылмыстық Кодексімен» қарастырылған айыппұлдар туралы ескертілді.
12.06.2025 ж. Әдеп жөнінде уәкілмен 11.06.2025 ж. Т. Оспанқұловтың төрағалығымен әлеуметтік саладағы жемқорлық тәуекелдері тақырыбында өткізілген кеңес хаттамасын орындау мақсатында ұжыммен сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық іс шара өткізілді
|
|
2.5.
|
Мереке күндері алдында жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстану және қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу
|
Мереке күндерінің алдында
|
06.05.2025 ж. мереке күндері алдында жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстану және қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол бермеу , интернет алаяқтардан сақтану шаралары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
|
|
2.6.
|
Орталық мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы орган (облыс, республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдігінің жиындарында мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың және Әдеп кодексінің талаптарын сақтауы мәселелерін қарауды ұйымдастыру
|
2025ж.
маусым, желтоқсан
|
|
|
2.7.
|
«Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген анықтамаға жататын ойын мекемелерінде құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу, сол сияқты құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге сол үшін бөлінбеген орындарда қатысу немесе телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеуді бұзушылыққа жол бермеуге бағытталған профилактикалық жұмыстарды жүргізу
|
Жарты жылда
бір рет
|
|
|
2.8.
|
Мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ағымдардың қызметіне араласуын болдырмауға бағытталған профилактикалық жұмыстар жүргізу
|
Жарты жылда
бір рет
|
|
|
2.9.
|
Мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық орындарда алкогольдік және есірткілік, және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде болуының алдын алу және оған жол бермеу бойынша профилактикалық жұмыс жүргізу, есірткі құралдардың, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын, прекурсорларды медициналық емес мақсатта тұтыну, көлік құралын алкогольдік және (немесе) есірткілік, және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқарудың алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізу
|
Жарты жылда
бір рет
|
|
|
2.10.
|
Мемлекеттік органдарда әйелдерге қатысты кемсітушіліктен және жыныстық қудалауды болдырмау мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізу
|
Жарты жылда
бір рет
|
|
|
3. Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын (бұзушылықтарға шаралар қабылдамау жағдайларын) талдау,
мониторингтеу және бақылау іс-шаралары
|
|
3.1.
|
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге қатысты олардың әкімшілік жауаптылыққа («Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің қоғамдық тәртiп пен имандылыққа қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтарға қатысты келесі баптары бойынша 434, 439, 440, 441, 443, 444, 446, 449, 450, 482, 490, 608, 613) тартылуы жағдайына мониторинг жүргізіп, оның нәтижелері бойынша қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері анықталған жағдайда, тиісті қызметшілердің тәртіптік жауаптылығын қарау немесе профилактикалық жұмыс жүргізу бойынша шара қолдану
|
Тоқсан сайын
|
мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге қатысты олардың әкімшілік жауаптылыққа тартылуы жағдайына мониторинг жүргізілді. Мониторинг барысында есептік кезеңде 2 мемлекеттік қызметші жол ережелерін бұзу бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылған. Оның ішінде 1 мемлекеттік қызметшімен әкімшілік құқық бұзушылық мемлкеттік қызметке қабылданбай тұрған кезде жасалған. Аталған мемлекеттік қызметшілермен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша айыппұлдар төленген.
|
|
3.2.
|
Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны не мемлекеттік қызметке кір келтіретін терiс қылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылуы фактілеріне мониторинг жүргізіп, құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларға мониторинг жүргізу
|
Тоқсан сайын
|
|
|
3.3.
|
Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті бұзуына қатысты бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі жарияланымдарға мониторинг жүргізу және оның нәтижелері бойынша ден қою жұмыстарын ұйымдастыру
|
Үнемі
|
|
|
4. Азаматтық қоғам институттарымен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау іс-шаралары
|
|
4.1.
|
Азаматтық қоғам және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін «Ашық есік күні» науқанын өткізуді ұйымдастыру
|
Қажет болған жағдайда
|
|
|
4.2.
|
Мемлекеттік қызметтің оң имиджін нығайтуға бағдарланған мемлекеттік қызметшілердің «мінсіз беделінің» мысалдарын қоғам арасында кеңінен насихаттау
|
Үнемі
|
|
|
5. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға
және қалпына келтіруге бағытталған іс-шаралар
|
|
5.1.
|
Мемлекеттік органда мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктерінің сақталуы бойынша сауалнама және мониторинг жүргізу (мәселен, еңбекақы, бонустар, материалдық көмек, жыл сайынғы еңбек демалысы, іссапар шығындары, мемлекеттік органда жойылу (тарату), қайта ұйымдастыру, басқару құрылымын өзгерту және штат санын қысқарту түріндегі өзгерістер, қызметші қайтыс болған жағдайдағы бiржолғы жәрдемақы, ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын мемлекеттік қызметшілерге заңнамада көзделген қосымша әлеуметтік қолдау шаралары және т.б.) және оның нәтижелері бойынша ден қою жұмыстарын ұйымдастыру
|
Жыл ішінде 2 рет, маусым және желтоқсан айларында
|
|
|
5.2.
|
Қызметтік әдепті бұзғаны үшін мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауаптылыққа тартудың мәніне жасалған талдау қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылу жағдайлары бойынша басшылыққа тиісті ұсыныстар енгізу
|
2025 ж.
қазан айында
|
|
|
6. Ұжымда жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес келетін өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдесу іс-шаралары
|
|
6.1.
|
Ұжымда жағымды атмосфера құру үшін әдептілік құндылықтарын дәріптеу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру
|
Жыл бойы
|
|
|
6.2.
|
Ұжымдағы қарым-қатынас мәдениетінің деңгейін бағалау және оны жақсартуды анықтау үшін сауалнама жүргізуді ұйымдастыру
|
Тоқсан сайын
|
|
|
6.3.
|
Мемлекеттік органның оң имиджін және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға елеулі үлес қосқан адамдарды көтермелеу жөнінде құрылымдық бөлімше басшыларына ұсынымдар енгізу
|
Мереке күндеріне орай
|
|
|
6.4.
|
Жеке және заңды тұлғалардан, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілерден келіп түскен арыз-шағымдардың себептеріне талдау жасау және оның қорытындысы бойынша басшылыққа ұсыныс енгізу
|
Жарты жылда
бір рет
|
|