2024 жылғы 4-тоқсандағы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау бойынша талдамалық анықтама

 

2024 жылғы 4-тоқсандағы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау бойынша талдамалық анықтама

 Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті Әдеп жөніндегі уәкілдің 4 тоқсанда атқарған жұмысы туралы келесідей хабарлайды:

Сыбайлас жемқорлық факторларының алдын алу мақсатында және азаматтардың өтініштеріне, ұсыныстарына, шағымдарына жедел ден қою мақсатында Департаменттің интернет-ресурсында сенім телефоны орналастырылған.

Мемлекеттік қызметшілерді қабылдау кестесі бекітілген.

Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңнаманы және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін бұзудың алдын алу мақсатында:

11.11.2024 ж.  Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Абай облысы бойынша Департаменті превенция басқармасының бас маманы Б.Дүйсенованың қатысуымен департамент қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, сыбайлас  жемқорлық фактілері орын алған жағдайда іс – қимыл тәртібімен, сыбайлас жемқорлық фактілерін жасағаны үшін жауапкершілік туралы семинар кеңес өткізілді.

 Департаментінің қызметшілері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңнаманы және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін қатаң қадағалауы, қылмысқа жол бермеуі жайлы тағы да қатаң ескертілді.

17.12.2024 ж. департамент басшысы А.Ерембаеваның төрағалығымен мемелкеттік қызметшінің имиджі, қызмет алушыларға сапалы қызмет, көрсету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы семинар өткізілді. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің қызметшілері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңнаманы және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін қатаң қадағалауы, қылмысқа жол бермеуі жайлы тағы да қатаң ескертілді.

Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желідегі жеке парақшаларына тұрақты мониторинг жүргізеді, есепті кезеңде мемлекеттік қызметшінің әдеп нормаларына қайшы келетін материалдар табылмады.

2024 жылдың  4 тоқсанында Құқықтық статистика орталығынан әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы мәліметтері бойынша 2 әкімшілік іс тіркелген. Мемлекеттік қызметшілермен түсіндірме жұмыстары жүргізілді, жол жүру ережелерін бұзғаны үшін айыппұл төленіп, әкімшілік іс қысқартылған.

Сондай-ақ семинарлар барысында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша әрбір мемлекеттік қызметшімен жеке әңгімелесу жүргізіледі.

Есепті кезеңде Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілімен 39 азаматты жеке қабылдау  жүргізді.

Есепті кезеңде заңды және жеке тұлғалардан мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша өтініш келіп түскен жоқ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және қызметтік әдеп нормаларын сақтау бойынша жұмыс тұрақты түрде жалғасады.

Қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы тиісінше орындауын бақылау мақсатында Департамент ғимаратындағы медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінің, медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснама және бақылау бөлімінің кабинеттерінде, зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің кабинеттерінде, мұрағатта бейнебақылау камералары орнатылған.

Департаментте арыздар мен шағымдар үшін 1424 колл орталығының нөмірі көрсетілген жәшіктер орналастырылған. Күту залында арнайы теледидар орнатылған, теледидар арқылы мемлекеттік органдарға өтініштер жолдау бойынша және сыбайлас жемқорлық бойынша жауапкершілік туралы бейнероликтер күнделікті көрсетіледі.

 

Дата публикации
09 октября 2026