Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау

Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау әлеуметтiк қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін және мүгедектердi әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз етудiң, олардың тiршiлiк-тынысы мен қоғаммен етене араласуы үшiн тең мүмкiндiктер жасаудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шарттарын айқындайтын «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.

Мүгедек – тұрмыс-тіршілігінің шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, кемiстiктерге байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған адам.

Қазақстанда мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету үшін әлеуметтік қорғаудың көп деңгейлі жүйесі қолданылады:

- әлеуметтік жәрдемақылар мен төлемдер түрінде мемлекеттік көмек және қолдау;

- өтемақы жоғалған ағза функцияларының, әлеуметтік оңалтуды техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету жолымен және әлеуметтендіру деңгейін арттыру мақсатында, мүгедек адамдар  жеке көмекші және ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтылады.

Оңалтудың техникалық көмекші құралдардың тізбесі заманауи сурдотехникалық және тифлотехникалық құралдарды қоса (есту қабілеті бұзылған адамдарға веб-камерасы бар ноутбук, сөйлеу синтезі бар экрандық қол жеткізу бағдарламасымен қамтамасыз етілген ноутбук, көру қабілеті бұзылған адамдарға дыбыспен хабар беретін және диктофоны бар ұялы телефондар және т.б.) 55 түрі бар атаудан тұрады.

Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау жүйесінің бір бағыты арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету болып табылады

Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға, оның ішінде қарт адамдарға, мүгедектерге, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға, адам саудасы мен тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемі көрсетіледі , оған 8 қызмет түрі кіреді.

Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру шеңберінде медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің бизнес-процесінің, сондай-ақ мүгедектікті белгілеуге байланысты қызметтердің өзгеруі жүргізілуде. Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу нәтижелері бойынша мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасының іс-шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға жүгіну қажеттілігін қоспағанда, ақпараттандырылған келісімімен белсенді форматта өтінішсіз 8 мемлекеттік қызмет көрсетілуі мүмкін.

Әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерін паспорттау және бейімдеу жолымен кедергісіз ортаны қалыптастыру бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде, мүгедектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша белсенді шаралар қабылдануда және білім беруде жеңілдіктер ұсынылады.

Сонымен қатар, мүгедектігі бар адамдардың проблемаларын ұлттық деңгейде тиімді шешу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі 2005 жылы мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында Үйлестіру кеңесін құрылды.

Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік және экономикалық құқықтарын қамтамасыз етуге , қорғауға және дамытуға қосымша кепілдіктер жасады , сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы құқықтық реттеу мен практикалық қызметті одан әрі жетілдіру үшін бағдар болды.

Документы
Статистика
12 октября 2026
2026 жылдың 9 айы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің атқарған жұмысы туралы ақпарат
Декларация
28 августа 2026
Сәйкестік туралы декларация –жобалық құжаттамаға және құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес салынған нысанның сәйкестігін растайтын құжат.
Басқа
28 августа 2026
Лицензиялаудың негізгі мақсаты-бірыңғай сапа стандарттарын қамтамасыз ету, көрсетілетін қызметті алушылардың қауіпсіздігін арттыру және осы саладағы мемлекеттік бақылауды күшейту
Новости
Полезные материалы
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау
Медиагалерея
1
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің басшысы – Абай облысы бойынша мемлекеттік әлеуметтік қорғау бас инспекторы А. Ерембаева
1
Ш.Бейсебаеваның Сәйкестік туралы декларацияға келісім беру туралы өтініші бойынша күрделі жөндеуден өткен Көкпекті аудан Көкпекті ауылында орналасқан мейрамхана, дүкен, монша кешені ғимаратына қатысты құрылыс объектісінің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарға сәйкестігі - ғимаратқа кедергісіз кіру (пандустың, көтергіш құрылғының болуы), объект ішінде қолжетімді қозғалыс жолдарын, бейімделген санитариялық - гигиеналық үй-жайларды, сондай-ақ мүгедектіктігі бар адамдардың және халықтың басқа да жүріп-тұруы шектеулі топтарының қызметтерді алуы үшін жағдайларды қамтитын әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектісінің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығы бойынша тексеру жүргізілді.
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Отдел по контролю в сфере социальной защиты населения
Часто задаваемые вопросы
Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету талаптарына объектінің сәйкестігі туралы декларацияны келісу деген не?

Сәйкестік туралы декларация –жобалық құжаттамаға және құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес салынған нысанның сәйкестігін растайтын құжат. Құрылыс объектісінің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарға сәйкестігі туралы декларацияларды келісу ғимаратқа кедергісіз кіруді (пандустың, көтергіш құрылғының болуы), объект ішінде қолжетімді қозғалыс жолдарын, бейімделген санитариялық - гигиеналық үй-жайларды, сондай-ақ мүгедектіктің әртүрлі түрлері бар адамдардың және халықтың басқа да жүріп-тұруы шектеулі топтарының қызметтерді алуы үшін жағдайларды қамтитын әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын тексеруді көздейді.

Нысандарды бейімдеу мақсаты?

Қоғамдық және тұрғын ғимараттар халықтың мобильділігі төмен топтары үшін барынша қауіпсіз және жайлы өмір сүру жағдайларын жасауды ескере отырып бейімделуі тиіс.

бөлім қандай тексерулер жүргізеді?

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, сондай-ақ жоспардан тыс тексерулер жүргізеді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы