Алматы облысының Текелі қаласында әйелді баласымен іздеу–құтқару жұмыстары сәтті аяқталды

Алматы облысының Текелі қаласында әйелді баласымен іздеу–құтқару жұмыстары сәтті аяқталды

2020 жылғы 16 қыркүйекте сағат 20.40-та Алматы облысы Ескелді ауданы Текелі қаласының маңындағы Чажа Тауында екі адам адасып кетті.

Хабарлама Алматы облысы ТЖД кезекші қызметіне келіп түскеннен кейін іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін дереу құтқарушылар жіберілді.

Үш сағаттан кейін іздеу жұмыстары оң нәтиже берді. 1995 жылы туған әйел адам мен 2016 жылы туған қызы табылды. Екеуі де тірі және дендері сау болды. Кейін белгілі болғандай, отбасы – күйеуі, әйелі және олардың кішкентай қызы, сондай-ақ күйеуінің ағасы тауға аттанды. Қаранғы түскенде артқа қайтып бара жатқанда әйел қызымен ерлерден сәл артта қалып қойып адасып кеткен. Әйел мен бала үйлеріне аман - есен жеткізілді, сол үшін Департамент қызметкерлеріне үлкен алғыстарын білдірді.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Департаменттің 17 қызметкері мен 3 техника жұмылдырылды.

Алматы облысының ТЖД облыс тұрғындарынан таудағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін сақтауды сұрайды:

- құтқарушылар мен туған-туыстарыңызға Сіздің таулы бағытыңыз және ықтимал орналасқан жеріңіз туралы барынша толық хабардар ету өте маңызды;

- таудағы барлық демалыс әуесқойларына жылы заттардың, қажетті жабдықтардың болуына рюкзактарын мұқият тексеру, сондай-ақ күтпеген жағдайда дәрігерге дейінгі көмек көрсету үшін өзімен бірге жорықтық дәрі қобдишасы және GPS навигаторларының болуы артық болмайды.

- ешқандай жағдайда тауға жалғыз бармаңыз!

- Төтенше жағдайлар кезінде жедел-құтқару жұмыстарының тиімділік деңгейін арттыру үшін ұтқыр байланыс құралдары туралы да ұмытпаған жөн.

- кез-келген жорықта ауа-райының жағдайын бақылау қажет. Ауа-райының қолайсыздығымен таулардағы барлық қауіптер күшейе түседі, маршруттың күрделілігі артады.

-егер сіз адасып қалсаңыз – үрейленбеңіз, құтқарушылар сізді байқай алатын және ұялы байланыс бар жердің ашық учаскесіне шығыңыз, «101» және «112» нөмірлеріне қоңырау шалыңыз.

Рельефтің күрделілігі, таулы өзендер, күн радиациясы, ауа - райының тез өзгеруі, оттегінің жетіспеушілігі - егер олар нашар дайындық пен тәжірибенің жоқтығынан сақтық шараларын қолданбаса, туристер үшін үлкен қауіп төндіруі мүмкін.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі