
Ақтоғай ауданының бұрынғы ветеринарлық станциясының ғимаратына аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі мен «Өрт сөндіру қызметі және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-ің №15 өрт сөндіру бөлімі орналасты. Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов төтеншеліктерді жаңа ғимаратқа көшуімен құттықтап, жаңа көліктердің кілттерін тапсырды.
Аймақ басшысы жергілікті атқарушы органдар тарапынан аудан орталықтарындағы өрт сөндіру бекеттерінің материалдық-техникалық жағдайын нығайтуға едәуір көңіл бөлінгенін атап өтті.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жеке шешім қабылдап, Төтенше жағдай министрлігі құрылған еді, - деді Әбілқайыр Сқақов. - Жаңа нысан өрт сөндірушілердің қызметін едәуір жеңілдетіп, тың серпін береді деп ойлаймын».
Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ернұр Өтегенов өзінің құттықтау сөзінде Ақтоғай ауданының аумағында техногендік және табиғи апаттардың барлық түрі болып тұратынын атап өтті. Ол облыс басшылығына өрт сөндіру депосының реконструкциясына қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.
«Бұл Төтенше жағдай министрлігі құрылғаннан бері республика бойынша жаңа ғимарат ашылған алғашқы өрт сөндіру бекеті, - деді Ернұр Өтегенов. - Аудандық гарнизонның жеке құрамына жауапты қызметтеріне сәттілік пен табыс тілеймін».
Бұрынғы ветеринарлық станцияның ғимаратын жөндеу және аумақты абаттандыру жұмыстарына жергілікті бюджеттен қаражат жұмсалды. Өрт сөндірушілерге арналған «Урал» автоцистернасы республикалық қазынадан қаражаттан алынған. Аудандық Төтенше жағдай бөлімі үшін облыстық бюджеттен бөлінген қаражатқа ВАЗ-2121 автокөлігі сатып алынды.
Реконструкция жүргізілген ғимараттарда өрт сөндіру және қызметтік көліктерге арналған 4 бокс, қызметкерлердің төрт кабинеті, асхана, оқу сыныбы, спорт залы, мұрағат бөлмесі, арнайы құралдарды қоятын жай, диспетчерлік байланыс торабы орналасқан.
Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі