
Құтқарушылар тобы мен авариялық-құтқару жасағының кинологиялық есебі Қазақстан ТЖМ «Қазавиқұтқару» Еврокоптер тікұшағымен жеті жасар баланы іздестіру аймағын әуеден тексеру жұмыстарын жүргізу үшін Мойынқұм ауданына ұшты.
Бала үйден атқа мініп, жоғалып кеткеніне жиырма сағатқа жуық уақыт өтті. 15 қыркүйекте сағат 15-00-де Мойынқұм ауданы Көшаман ауылында тұратын бала үйіне қайтпады.
200-ге жуық адам полиция, құтқарушылар, жергілікті тұрғындар арасынан еріктілер аймақты аралап іздестіру шараларын жүргізуде. Аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, сағат 18.00 шамасында жоғалған баланы Жасұлан ауылының маңында (Көшаман ауылынан 30 шақырым жерде) жергілікті тұрғындар көрген.
Дауыс зорайтқыш құрылғылар жұмыс істеуде. Іздестіру жұмыстарына кинологиялық есептер де тартылды.
Бүгін сағат 13.00-ге жуық бала Көкжелек ауылына өз бетінше атқа мініп, жақын маңдағы үйді қағып, су сұрады, содан кейін үй тұрғындары баланың АІІБ-де екендігі туралы хабарлады. Баланың жағдайы қанағаттанарлық. Күштер мен құралдар тұрақты орналасқан жерге қайтарылады.
Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі