
«Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша еліміздің 14 өңірінде дабылды құбылыстар күтілуде.
16 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында желдің екпіні секундына 15-20 метр. Дабылды ықтималдығы 85-90%.
16 қыркүйекте Шымкент қаласында желдің екпіні секундына 15-20 метр.
16 қыркүйекте Ақмола облысында желдің екпіні секундына 15-20 метр, кей жерлерде секундына 28 метр.
16 қыркүйекте Ақтөбе облысында найзағай, желдің екпіні секундына 18 метр күтілуде.
16 қыркүйекте Атырау облысында кей жерлерде найзағай, шаңды дауыл, желдің екпіні секундына 15-20 метр күтілуде.
16-17 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні секундына 15-20 метр, күндіз секундына 25 метр күтілуде.
16 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысында желдің екпіні секундына 15-20 метр.
16 қыркүйекте Қарағанды облысында кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ, желдің екпіні секундына 15-20 метр, күндіз секундына 23 метр күтілуде.
16 қыркүйекте Қостанай облысында кей жерлерде бұршақ, тұман, дауыл, желдің екпіні секундына 15-20 метр. Таңертең және күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр.
16 қыркүйекте Қызылорда облысында күндіз найзағай, шаңды дауыл, желдің екпіні секундына 15-20 метр. Күндіз өрт қаупі өте жоғары.
16 қыркүйекте Маңғыстау облысында кей жерлерде найзағай, шаңды дауыл, желдің екпіні секундына 15-20 метр күтілуде.
16-17 қыркүйекте Павлодар облысында кей жерлерде найзағай, дауыл, күндіз бұршақ. 17 қыркүйекте кей жерлерде қатты жаңбыр, желдің екпіні секундына 15-20 метр.
16-17 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, күндіз бұршақ жауады деп күтілуде. Желдің екпіні секундына 15-20 метр, кей жерлерде секундына 28 метр.
16 қыркүйекте Түркістан облысында кей жерлерде шаңды дауыл, желдің екпіні секундына 15-20 метр, кей жерлерде секундына 23 метр күтілуде.
Төтенше жағдайлар министрліті азаматтарды ауа-райының өзгерістерін бақылауға шақырады. Дауылды ескерту туралы хабарламаларды тыңдап, қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар.
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыздар.
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі