Еліміздің тұрғын үй секторында 6 000-нан астам датчик орнатылды

Еліміздің тұрғын үй секторында 6 000-нан астам датчик орнатылды

Жылыту кезеңіндегі өлім фактілері және республиканың тұрғын үй секторында улы газдан адамдардың жарақат алуы ерекше алаңдаушылық тудырады.

Тұрғын үй секторындағы халықтың өртке қарсы мәдениетін арттыру мақсатында жылыту маусымына дайындық кезеңінде 15 тамыз - 15 қыркүйек аралығында пештерді орнату кезінде халыққа өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру бойынша өрт қауіпсіздігі айлығы өткізілді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің бастамасы бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарының, жетім балалардың, көпбалалы отбасылардан шыққан балалардың тұрғын үйлеріне бару қажетті әлеуметтік көмекті айқындай отырып, әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау органдарының өкілдерімен бірлесіп жүзеге асырылады.

Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына (аз қамтылған, аз қамтылған көп балалы отбасылар, жалғыз басты қарт азаматтар, мүгедектер) басты назар аударылады. Мәселен, бүгінгі таңда халықтың әлеуметтік осал топтарынан 123 157 тұрғын үй есепке алынды. Ағымдағы кезеңде 106 482 үйге аралау жүргізілді, оның барысында 280 693 азаматқа нұсқау берілді. Жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірге 72 638 үйге барды.

71 568 өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылық анықталды, оның 29 668-і орнында жойылды.

Халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлерінен басқа, өткен жылыту маусымдарының тәжірибесі негізінде алдын алу жұмыстарымен автономды жылыту жүйелерімен байланысты төтенше жағдайлардың туындауына неғұрлым бейім тұрғын үйлер қамтылады.

Мәселен, 82 419 үйді аралап, оның барысында 201 953 азаматқа нұсқау берілді. 33 922 бұзушылық анықталды, оның ішінде 8 067-сі орнында жойылды.

Улы газбен уланудан немесе жану өнімдерінен болған қайғылы салдардың қаупін азайту мақсатында жергілікті атқарушы органдардың қаражаты, демеушілік көмек есебінен 2020 жылғы 1 маусымнан бастап 6 437 датчик сатып алынды және орнатылды, оның ішінде табиғи газ – 3 122, улы газ – 3 222, түтін – 93. Орнату барысында тұрғындарға датчиктерді жұмысқа жарамды күйде ұстау ережелері түсіндіріледі.

Осы датчиктер газдың шекті нормадан асуына уақытылы ден қоюға, қайғылы жағдайды болдырмауға мүмкіндік береді Мысалы, өткен жылыту кезеңінде 58 адам тұратын тұрғын үйлерде 15 датчиктің іске қосылуы тіркелді, олардың өмірін құтқарылды деп санауға болады.

Сонымен қатар, үй иелері жұмыс жағдайында ұстап тұру үшін сенсорлардың батареяларын уақтылы ауыстыруы керек.

Бұзушылықтардың 90%-ы электр техникалық желілерді, электр жабдықтарын және автономды жылыту жүйелерін пайдалануға байланысты екенін атап өту қажет.

Көбінесе, адамдардың көпшілігі «мұндай жағдайға ұшырамаймын» деп және жағдайды жете бағаламай, осылайша  қарапайым өрт қауіпсіздігі талаптарын елемей, қайғыға ұшырайды

Тұрғындарға пеш жабдықтарын қауіпсіз пайдалану талаптары туралы тағы да еске салғымыз келеді, оларды сақтау Сіздің және жақындарыңыздың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді.

Жылыту пештері мен жүйелерінің түтін мұржалары, мұржалары және басқа элементтері тікелей жылыту маусымы басталар алдында, сондай – ақ жылыту маусымы кезінде: үш айда бір рет – жылыту пештері үшін, екі айда бір рет-үздіксіз жұмыс істейтін пештер мен ошақтар үшін күйеден тазартылуы тиіс.

Пешпен жылытуды пайдалану кезінде:

1) жанып жатқан пештерді қараусыз қалдыруға, сондай-ақ оларды қадағалауды балаларға тапсыруға;

2) жағу үшін дайындалған отынды, сондай-ақ басқа да жанғыш заттар мен материалдарды жағу алдындағы параққа орналастыруға;

3) қатты отынмен жанатын пештерді жағу үшін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолдануға;

4) отынның осы түрлеріне арналмаған пештерді көмірмен, кокспен және газбен жағуға;

5) үй-жайларда жиналыстар және басқа да бұқаралық іс-шаралар өткізу кезінде пештерді жағуға;

6) пештерді қыздыруға;

7) жанғыш заттар мен материалдарды (аяқ киім, киім, отын) пеш пен түтіндіктердің бетінен 0,5 м кем қашықтықта кептіруге;

8) саңылауларды жобалау нормаларында көзделмеген ысырмаларды (жапқыштарды) пайдалануға;

9) диаметрі 15 мм кем саңылауы бар жапқыштарды пайдалануға жол берілмейді;

10) желдету және газ каналдарын мұржалар ретінде пайдалануға;

11) ақаулары, жарықтары және саңылаулары бар пештерді жағуды жүзеге асыруға жол берілмейді.

 

Қазақстан Республикасының

Төтенше жағдайлар министрлігі