Көкшетау техникалық институтында оқу-әдістемелік жиыны өткізілуде

Көкшетау техникалық институтында оқу-әдістемелік жиыны өткізілуде

Бүгін Көкшетау техникалық институтында Облыстық төтенше жағдайлар басқармаларының (бөлімдерінің) бастықтары, институт және өңірлік оқу орталықтарының қызметкерлері үшін «Тәрбие жұмысы әскери- қызметтік тәртіпті нығайтудағы басым бағыт ретінде» тақырыбында оқу-әдістемелік жиындар басталды.

Іс-шараны институт бастығы азаматтық қорғау полковнигі Сырым Шәріпханов ашып: «Жеке құрам арасындағы тәрбие процесінің құрамдас бөлігіне тікелей жауап беретін қызметкерлер мен басшылардың кәсіби деңгейін көтеруге бағытталған аталған жиындарды өткізу қазір өзекті деп санаймын. Бүгінгі күннің шындығы бізден осы бағытта ұйымдастырушылық-практикалық шаралар қабылдауды талап етіледі. Түпкілікті нәтиже– бөлімшелердегі тәртіп пен заңдылықтың жай-күйі, сондай-ақ әрбір жеке қызметкердің және тұтастай азаматтық қорғау органдарының беделі тәрбие аппаратының ұйымдасқан, жүйелі және мақсатты жұмысына байланысты болады».

Жиындардың бірінші күнінің бас дәріскері Қазақстан Республикасы ІІМ Кадр саясаты департаментінің ғылыми қызметкері, ІІО Құрметті ардагері, запастағы полиция полковнигі Болат Қаженов сөз сөйледі. Өз сөзінде ол қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы ІІМ Кадр саясаты департаменті ІІО-дағы идеологиялық жұмысты регламенттейтін нормативтік-құқықтық актілерді, қазіргі жағдайда жеке құраммен жұмыс істеудің негізгі нысандары мен әдістерін, оның ішінде діни экстремизм идеологиясына қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстар жүргізіп жатқанын атап өтті. Б.Қаженов сондай-ақ, жүргізіліп жатқан бірлескен жұмыс ортақ істің пайдасына қызмет ететініне, жиындарға қатысушылардың барлығы жемісті жұмыс істеп, осы тақырып бойынша жергілікті жерлерде бар проблемалық мәселелерді талқылайтынына сенім білдірді.

Оқу-әдістемелік жиын екі күнге созылады, сабақ тақырыптарына ТЖ бөлімшелерінің қызметін психологиялық қамтамасыз ету, жеке құрам арасында қылмыс пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, діни экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері кіреді.

 

КТИ баспасөз қызметі