Төтенше жағдайлар комитеті азаматтарды электр жылытқыштарды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға шақырады

Төтенше жағдайлар комитеті азаматтарды электр жылытқыштарды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға шақырады

«Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды.

11 қыркүйекте түнде Нұр-Сұлтан қаласында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі. Дауылдың ықтималдығы 85 - 90%.

11 қыркүйекте түнде Ақмола облысының кей жерлерінде 1-3 градус үсік күтіледі. Дауылдың ықтималдығы 85 - 90%.

11 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Күндіз кей жерлерде оңтүстік - батыстан секундына 15-20 метр жел соғуы ықтимал.

11 қыркүйекте түнде Солтүстік Қазақстан облысында топырақ бетінде 1-3 градус үсік сақталады. Күндіз 11 және 12 қыркүйекте оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жылдамдығы секундына 15-20 метр жел соғады.

11 қыркүйекте Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетуі ықтимал, күндіз төтенше өрт қаупі сақталады. Дауылдың ықтималдығы 90 - 100%.

Ауа райының нашарлауына байланысты ТЖ комитеті азаматтардан электр жылытқыштарды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын қатаң сақтауды сұрайды.

 

 ТЖК баспасөз  қызметі