Орталық коммуникациялар қызметінде «Жылыту маусымына дайындық барысы туралы» бойынша брифинг өтті

Орталық коммуникациялар қызметінде «Жылыту маусымына дайындық барысы туралы» бойынша брифинг өтті

2020 жылғы 10 қыркүйекте Орталық коммуникациялар қызметінде «Жылыту маусымына дайындық барысы» тақырыбында брифинг өтті, онда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин сөз сөйледі.
Юрий Ильин атап өткендей: «Күзгі суық түскен кезден бастап тұрғындар үй-жайларды жылыту үшін пеш және электр жабдықтарын белсенді пайдаланады. Осыған байланысты, азаматтық қорғау органдары алдағы жылыту маусымында өрттерді және адамдардың қаза болуын азайту үшін алдын алу іс-шаралары жүргізеді».
Ағымдағы жылғы 15 тамызынан бастап елімізде тұрғын үй секторында пештерді орнату кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын халыққа түсіндіру бойынша өрт қауіпсіздігі айлығы басталды. Жүргізілген жұмыс барысында азаматтық қорғау органдары 110 мыңнан астам азаматқа нұсқау беріп, 10 мыңға жуық адамды қамтитын 556 жиын өткізді. Жұмыс орындарында ұйымдастырылған 9 мыңнан астам азаматты қамтыған 811 нұсқаулық өткізілді.
Халықтың әлеуметтік осал топтарына (аз қамтылған, көп балалы отбасылар, жалғыз басты қарт азаматтар, мүгедектер) ерекше көңіл бөлінеді. Халықтың осы санаты тұратын барлығы 120 мыңнан астам тұрғын үй есепке алынды.
Азаматтық қорғау органдары жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп 45 мыңнан астам үйге барып, оның барысында 200 мыңнан аса азаматқа нұсқау берілді.
Өрт қауіпсіздігі талаптарын 59 мыңнан астам бұзушылық анықталды, оның 16 мыңға жуығы орнында жойылды. Негізгі бұзушылықтар (бұл 90%) электр техникалық желілер мен электр жабдықтарын, сондай-ақ автономды жылыту жүйелерін пайдалануға байланысты.

Улы газбен уланудың немесе жану өнімдерінің қайғылы салдарларын азайту мақсатында жергілікті атқарушы органдардың қаражаты, демеушілік көмек есебінен 2020 жылдың 1 маусымынан бастап 2 мыңға жуық табиғи және улы газ датчиктері сатып алынды және орнатылды.

Елдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, азаматтық қорғау органдары бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілер арқылы жылыту кезеңінде халықтың қауіпсіз жүріс-тұрысы бойынша түсіндіру жұмыстарын жалғастыратын болады.
Тұрғындарға пеш жабдықтарын қауіпсіз пайдалану талаптары туралы тағы да еске салғымыз келеді, оларды сақтау Сіздің және жақындарыңыздың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді.

Жылыту пештері мен жүйелерінің түтін мұржалары, мұржалары және басқа элементтері тікелей жылыту маусымы басталар алдында, сондай – ақ жылыту маусымы кезінде: үш айда бір рет – жылыту пештері үшін, екі айда бір рет-үздіксіз жұмыс істейтін пештер мен ошақтар үшін күйеден тазартылуы тиіс.

Пешпен жылытуды пайдалану кезінде:

1) жанып жатқан пештерді қараусыз қалдыруға, сондай-ақ оларды қадағалауды балаларға тапсыруға;

2) жағу үшін дайындалған отынды, сондай-ақ басқа да жанғыш заттар мен материалдарды жағу алдындағы параққа орналастыруға;

3) қатты отынмен жанатын пештерді жағу үшін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолдануға;

4) отынның осы түрлеріне арналмаған пештерді көмірмен, кокспен және газбен жағуға;

5) үй-жайларда жиналыстар және басқа да бұқаралық іс-шаралар өткізу кезінде пештерді жағуға;

6) пештерді қыздыруға;

7) жанғыш заттар мен материалдарды (аяқ киім, киім, отын) пеш пен түтіндіктердің бетінен 0,5 м кем қашықтықта кептіруге;

8) саңылауларды жобалау нормаларында көзделмеген ысырмаларды (жапқыштарды) пайдалануға;

9) диаметрі 15 мм кем саңылауы бар жапқыштарды пайдалануға жол берілмейді;

10) желдету және газ каналдарын мұржалар ретінде пайдалануға;

11) ақаулары, жарықтары және саңылаулары бар пештерді жағуды жүзеге асыруға жол берілмейді.



Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрлігі

Төтенше жағдайлар комитеті