Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған 400-ден астам жылу, - энергиямен қамтамасыз ету объектісінің өртке қарсы жай-күйіне тексеру жүзеге асырылды

Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған 400-ден астам  жылу, - энергиямен қамтамасыз ету объектісінің  өртке қарсы жай-күйіне тексеру жүзеге асырылды

ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің инспекторлық құрамы 2020 жылғы шілде-тамыз аралығында жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған 417 жылу, -энергиямен қамтамасыз ету объектісінің өртке қарсы жай-күйіне тексеру жүргізді.

«Тексеру нәтижелері бойынша 344 (немесе 82 %) жылумен, энергиямен қамтамасыз ету объектісінде өрт қауіпсіздігі талаптарының 1 564 бұзушылығы анықталды. 73 объект бұзушылықсыз пайдаланылуда», - деді Юрий Ильин Ортлық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Негізгі бұзушылықтар: электр желілерін монтаждау және электр қондырғыларын орнату қағидаларының талаптарын бұза отырып, электр аспаптарын пайдалану, жертөлелерде және баспалдақ марштарында жанғыш материалдарды сақтау, бастапқы өрт сөндіру құралдарының жеткіліксіз саны немесе ақаулы жай-күйі, өртті автоматты түрде анықтау және сөндіру жүйелерінің болмауы немесе ақаулы жай-күйі, ішкі өрт сөндіру және сыртқы өрт сумен жабдықтау жүйелерінің ақаулы жай-күйі.

Объектілердің бірінші басшыларына анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

«Өз кезегінде,  осы объектілеріндегі өрттер жылу беру кезеңінде әлеуметтік объектілерге, тұрғын үйлерге жылу мен электр энергиясын беруді тоқтатуға әкелуі мүмкін екенін ескере келе, азаматтық қорғау органдары жан-жақты практикалық көмек көрсетеді Бұл 21 практикалық оқу-жаттығу, 401 өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау және өрт шыққан жағдайдағы іс-қимыл бойынша нұсқаулық өткізді, онда жылу, энергиямен қамтамасыз ету обхектілерінің 3,7 мыңнан астам қызметкерлері қамтылды»,- деді Юрий Ильин.

Объектілерде өрттердің орын алуына жол бермеу үшін Төтенше жағдайлар комитеті өрт қауіпсіздігін сақтауға шақырады.

 

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрлігі

Төтенше жағдайлар комитеті