Бүгін Төтенше жағдайлар комитетінде Талғат Нұрмағамбетовты құрмет демалысына шығарып салу рәсімі өтті.
Төраға орынбасарының құрметіне Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин алғыс сөз сөйлеп, министрдің құттықтау хатын табыс етті, «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюда үздік шыққаны үшін» медалімен марапаттады.
Талғат Нұрмағамбетов өз сөзінде әріптестеріне бірлескен жемісті жұмысы үшін алғыс білдіріп, қызметте тәуекел аздау болуын, тыныштық пен бақ-дәулет тіледі.
Талғат Қайырбекұлы азаматтық қорғау органдары жүйесінде 37 жылдық жұмыс өтілі бар. Еңбек жолын 1986 жылдан әскери бөлім бөлімінің саяси бөлім бойынша рота командирінің орынбасары қызметінен бастады. Ю.В. Андропов атындағы Ленинград жоғары әскери-саяси әуе шабуылына қарсы қорғаныс училищесінің курсантынан Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасарына дейінгі жолды өтті.
Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі