Өткен тәулікте отты абайсыз пайдалану себебінен 2 өрт тіркелді

Өткен тәулікте отты абайсыз пайдалану себебінен 2 өрт тіркелді

Өрттің пайда болуының ең көп таралған себептерінің бірі отты абайсыз пайдалану болып табылады. Статистика көрсетіп отырғандай, республика аумағында болған өрттердің 47% - ы отты абайсыз пайдалану себебінен туындаған. 2020 жылдың басынан бастап осы себептен тұрғын үй секторында 2 349 өрт орын алды. Олардың салдарынан 72 адам жарақат алды және 74 адам көз жұмды. Тек өткен тәулікте осы себептен 2 өрт тіркелді.

Мәселен, 8 қыркүйекте Қостанай қаласында Мирошниченко көшесі бойынша 1-қабаттағы пәтерде ауданы 35 шаршы метр өрт шықты. Үй тұрғындары улы газбен улану белгілерімен ауруханаға жатқызылды. Өрттің алдын ала себебі-отты абайсыз пайдалану (газ плитасында тамақ қалдырылған).

Екінші өрт сол күні Ақмола облысының Есіл қаласында болды. Өрт сөндірушілер 1940 жылы туған үй иесін құтқарды, ол кісі улы газбен улану белгілерімен ауруханаға жатқызылды. Өрттің алдын ала себебі-темекі шегу кезіндегі абайсыздық.

Өрттің алдын алу үшін тұрмыста мынадай өрт қауіпсіздік қағидаларын сақтаңыздар:

- төсекте темекі шекпеңіз, балкондар мен лоджиялардан темекі шекпеңіздер;

- плитада дайындалған тағамды бақылаусыз қалдырмаңыздар;

- сіріңкелер мен өртегіш құралдарды балалардың қолы жетпейтін жерлерде сақтаңыздар;

- үйден шыққан кезде барлық газ және электр жабдықтарының өшірілгеніне көз жеткізіңіздер.

                                                                       ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі