
Бүгін 8 қыркүйекте Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының бірінші орынбасары Марат Күлдіков ұжымға Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жаңа басшысы Ерлан Садкенұлы Нұрпейісовты таныстырды. Ол Е.С. Нұрпейісовты өңірдің ерекшелігін білетін тәжірибелі маман ретінде сипаттады.
Ерлан Садкенұлы 30 жылдан астам уақыт азаматтарды төтенше жағдайлардан қорғауда. Ол ҚР ІІМ Алматы жоғары өрт-техникалық училищесін бітіргеннен кейін, шығыс өңірінің өртке қарсы қызметінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2012 жылы Алматы қаласы ТЖД бастығының орынбасары, ал 2018 жылы Алматы облысы ТЖД бастығы болып тағайындалды.
Азаматтық қорғау органдарында қызмет өткеру кезеңінде көптеген мемлекеттік наградаларға ие болды, атап айтқанда II дәрежелі "Айбын" ордені, I, II, III дәрежелі "Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін" ордені, "Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін"төсбелгісі.
Шығыс-Қазақстан облысының
Төтенше жағдайлар департаменті