Дұрыс жабдықталған пеш – қауіпсіздік кепілі

Дұрыс жабдықталған пеш – қауіпсіздік кепілі

Күзгі суық түскен кезден бастап тұрғындар үй-жайларды жылыту үшін пеш және электр жабдықтарын белсенді пайдаланады.

Тұрғын үй секторында өрттің орын алуының негізгі себептерінің бірі тұрмыста өрт қауіпсіздігі қағидаларының қарапайым талаптарын сақтамау себебінен отты абайсыз пайдалану болып табылатыны белгілі, оларды сақтау қарапайым өрт пен оның салдарын болдырмауға мүмкіндік береді.

Осыған байланысты, алдағы жылыту маусымында өрттерді және адамдардың қаза болуын азайту үшін алдын алу іс-шаралары жүргізіледі.

2020 жылдың 15 тамызынан бастап елімізде тұрғын үй секторында пештерді орнату кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын халыққа түсіндіру бойынша өрт қауіпсіздігі айлығы басталды.

Негізгі назар халықтың әлеуметтік осал топтарына (аз қамтылған, көп балалы отбасылар, жалғыз басты қарт азаматтар, мүгедектер) аударылады. Барлығы 123 128 тұрғын үй есепке алынды, атаулы өрт-профилактикалық жұмысқа мұқтаж халықтың әлеуметтік осал топтарының саны өткен жылыту кезеңімен салыстырғанда 25% - ға төмендеді. Жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірге 45 173 үйге барып, 215 955 азаматқа нұсқау берілді.

59 634 өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылық анықталды, оның 16 850-і орнында жойылды.

Бұзушылықтардың 90%-ы электр техникалық желілерді пайдалануға және автономды жылыту жүйелеріне байланысты.

Улы газбен уланудың немесе жану өнімдерінің қайғылы салдарларын азайту мақсатында жергілікті атқарушы органдардың қаражаты, демеушілік көмек есебінен 2020 жылдың 1 маусымынан бастап 1 731 датчик сатып алынды және орнатылды,

оның ішінде табиғи газ – 302, улы газ – 1 363, түтін – 66.

Халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлерінен басқа, өткен жылыту маусымдарының тәжірибесі негізінде профилактикалық жұмыспен автономды жылыту жүйелерімен байланысты төтенше жағдайлардың туындауына неғұрлым бейім тұрғын үйлер қамтылады.

Мәселен, мамандар 48 118 үйді аралады, оның барысында 110 983 азаматқа нұсқау берілді. 17 973 бұзушылық анықталды, оның 4 767-сі орнында жойылды.

Қауіпсіздік қағидаларын халықтың назарына жеткізу тікелей байланыс арқылы да жүзеге асырылады. Мәселен, тұрғын үй секторында 556 жиын өткізілді, оған жалпы алғанда 10 050 азамат қатысты. Жұмыс орындарында 811 нұсқаулық ұйымдастырылды, оның барысында 9 199 азамат  қамтылды.

Күзгі суық түскен кезден бастап ТЖ комитеті азаматтарды жылыту маусымына алдын ала пеш жабдықтарын дайындауға шақырады.

Жылыту пештері мен жүйелерінің түтін мұржалары, мұржалары және басқа да элементтері жылыту маусымы басталар алдында, сондай-ақ жылыту маусымы кезінде күйеден тазартылуы тиіс:

1) үш айда бір рет – жылыту пештері үшін;

2) үздіксіз жұмыс істейтін пештер мен ошақтар үшін – екі айда бір рет.

Пешпен жылытуды пайдалану кезінде:

1) жанып жатқан пештерді қараусыз қалдыруға, сондай-ақ оларды қадағалауды балаларға тапсыруға;

2) жағу үшін дайындалған отынды, сондай-ақ басқа да жанғыш заттар мен материалдарды жағу алдындағы параққа орналастыруға;

3) қатты отынмен жанатын пештерді жағу үшін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолдануға;

4) отынның осы түрлеріне арналмаған пештерді көмірмен, кокспен және газбен жағуға;

5) үй-жайларда жиналыстар және басқа да бұқаралық іс-шаралар өткізу кезінде пештерді жағуға;

6) пештерді қыздыруға;

7) жанғыш заттар мен материалдарды (аяқ киім, киім, отын) пеш пен түтіндіктердің бетінен 0,5 м кем қашықтықта кептіруге;

8) саңылауларды жобалау нормаларында көзделмеген ысырмаларды (жапқыштарды) пайдалануға;

9) диаметрі 15 мм кем саңылауы бар жапқыштарды пайдалануға жол берілмейді;

10) желдету және газ каналдарын мұржалар ретінде пайдалануға;

11) ақаулары, жарықтары және саңылаулары бар пештерді жағуды жүзеге асыруға жол берілмейді.

 

ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі