Құтқарушылар Советов шыңында адасқан туристерді құтқарды

Құтқарушылар Советов шыңында адасқан туристерді құтқарды

2020 жылғы 5 қыркүйекте сағат 22.00-де Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші бөліміне Советов шыңы ауданындағы тауларда төрт адамнан тұратын туристер тобы, оның ішінде Ресей азаматшасы адасып кеткені туралы ақпарат келіп түсті.

Туристер өз жолын таңертең жақсы ауа-райынан бастаған. Шыңға жеткеннен соң, кері қайтар жолда олар қатты тұманға тап болып, жолды бағдарлау мүмкін болмай, зардап шеккендер жолдан адасып кеткен. Жастар Республикалық жедел құтқару жасағының құтқарушыларына көмек сұрап хабарласқанда күн қараңғы болып кеткен болатын. Орналасқан жердің сипаттамасы бойынша олар кішігірім үстіртте, Советов шыңының етегінде болған, бірақ әрі қарай қайда баратындарын білмеген. Сол уақытта оларға орнында қалып, көмек күту туралы ұсыныс берілді.

Сипаттама бойынша, Республикалық жедел құтқару жасағының құтқарушылары туристер қайда орналасқанын болжай алды және жаяу жүріп іздестіру-құтқару жұмыстарына шықты. Болжам дәл келіп, біраз  уақыттан кейін 3800 метр биіктікте жедел топ зардап шеккендердің шамдарының жарқылын көрді.  Құтқарушы-дәрігер оқиға орнында зардап шеккендерді қарап шықты, олардың аздап салқындап қалуы және жеңіл жарақаттар болды, барлығы қорқып қалған, алайда жалпы жағдайлары қанағаттанарлық. Әрі қарай туристерді қауіпсіз жерге көшіру керек болды. Түсетін жердегі тау беткейлерінде адамдарды жарақаттауы мүмкін үлкен борпылдақ тастардан тұратын жартасты құздар орналасқан. Қараңғыда жолды шамдармен жарықтандыра отырып, Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары қолшамның жарығы арқылы достарымызға қауіпті жерлерден  кедергісіз өтуге көмектесті. Зардап шеккендерді қауіпсіз жолға шығарды.

Республикалық жедел құтқару жасағының құтқарушылары туристермен бірге олардың жеке автокөліктері орналасқан тұраққа жеткен кезде таң да атып қалды, олар медициналық көмектен бас тартты.

 

ҚР ІІМ ТЖК

Республикалық жедел құтқару жасағының

баспасөз қызметі