
Өткен тәулікте өрт сөндірушілер 4 табиғи өртті жойды.
3 қыркүйекте сағат 12:00-де шамасында Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Біржан ауылынан 25 шақырым жерде 20 Га құрғақ шөп жанды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жану сағат 22:56-да жойылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі-отты абайсыз пайдалану (темекі шегу). Өртті сөндіруге облыстық ТЖД жеке құрамынан 6 адам мен 1 бірлік техника, ЖАО-нан 20 қызметкер мен 2 бірлік техника, Орман шаруашылығынан 15 қызметкер мен 3 бірлік техника жұмылдырылды.
3 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысында Тасқала және Теректі аудандарында 2 дала өрті орын алды. Құрғақ шөптің жануы Тасқала ауданы Қосшы ауылынан 6 шақырым жерде 210 га және Теректі ауданы Долинный кентінен 7 шақырым жерде 150 га аумақта орын алды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
3 қыркүйекте Павлодар облысы Шарбақты ауданында «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты ММ аумағында 15,4 га алқапта қарағай өртенді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге ТЖД, «Ертіс орманы» МОТР ММ және ЖАО күштері мен құралдары 52 адам және 17 бірлік техника жұмылдырылды.
ІІМ ТЖ комитеті азаматтарды дала және орман алқаптарында болған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Табиғи өрттердің туындауының негізгі себептері халықтың отты абайсыз пайдалануы, сөндірілмеген темекі, алау, жанып жатқан сіріңке, атудан кейінгі тығынның бықсуы, майлы немесе тозығы жеткен шүберек, шыны бөтелке, күн сәулесінің сынуы, көлік құралының сөндіргішінен ұшқын, құрғақ ескі шөпті жағу, найзағайдың ойнауы.
ІІМ ТЖК баспасөз қызметі