
Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-қимылдарға одан әрі жетілдіру, сондай-ақ азаматтық қорғау қызметтерінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын көктемгі кезеңге дайындау мақсатында еліміздің 9 шығыс және солтүстік өңірлерінде оқу-жаттығулар өткізілді.
Бұл іс-шара ағымдағы жылғы көктемгі кезеңдегі су тасқыны жағдайының қолайсыз дамуы кезінде ТЖ алдын алуға және жоюға бағытталған су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу бойынша бірыңғай кешенді міндет форматында ұйымдастырылды.
Практикалық бөлім шеңберінде халықты хабардар ету, ақпараттандыру, қорғау бөгеттерін нығайту, су өткізу құрылыстарын, каналдар мен арықтарды тазарту, инертті материалдарды дайындау, қар шығару, сондай-ақ авариялық-құтқару және іздестіру жұмыстарын, зардап шеккен халықты эвакуациялау және орналастыру жөніндегі іс-шараларды пысықтау бойынша іс-шаралар өткізілді.
Осы екі күн ішінде 56 км бөгет нығайтылды, 1 088 су өткізу құрылыстары, 364 км арықтар мен каналдар тазартылды, 97 мың тонна инертті материалдар дайындалды, сондай-ақ 508 мың текше метр қар шығарылды.
Халықтың әлеуметтік осал топтарына аула аумақтарын, 477 тұрғын үй мен 67 әлеуметтік нысанды, оның ішінде қарттар үйлерін, интернаттар мен сәбилер үйлерін тазалау бойынша көмек көрсетілді.
6 наурызда хабарлау және байланыс жүйесінің ТЖ режимінде жұмыс істеуге дайындығы тексерілді.
Өңірлерде ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссиялардың, су тасқынына қарсы және эвакуациялық комиссиялардың, азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының жедел штабтарының жұмысы ұйымдастырылды, олардың нәтижелері бойынша көктемгі кезеңнен қауіпсіз өту жөнінде тиісті шешімдер қабылданды.
Аумақтың қауіпсіздік паспорттарын, ТЖ жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларын, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі қызметтерінің өзара іс-қимылы жөніндегі картографиялық материалдарды нақтылау және түзету жүргізілді, тиісті өзгерістер енгізілді.
Халықты құлақтандыру және ақпараттандыру бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын, эвакуациялауды, инженерлік жұмыстарды жүргізу бойынша практикалық іс-қимылдарды пысықтау мақсатында оқу-жаттығу шеңберінде 5 мыңнан астам адам және 2 мыңнан астам техника тартылған барлық мүдделі қызметтер мен ұйымдарды тарта отырып, 196 тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өткізілді.