Апаттар медицинасы орталығының жаңа басшысы тағайындалды

Апаттар медицинасы орталығының жаңа басшысы тағайындалды

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е.Тургумбаевтың бұйрығына сәйкес ТЖК Апаттар медицинасы орталығының басшысы лауазымына Әріпбаев Сәкен Тасқұлұлы тағайындалды.

3 қыркүйекте Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының міндетін атқарушы Барат Оспанұлы Дұзақбаев жеке құрамға жаңа басшыны таныстырды.

Әріпбаев С. Т. 1981 жылғы 9 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар (Ақмола мемлекеттік медицина академиясы дәрігер – травматолог және ортопед мамандығы, С. Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университеті - экономист мамандығы).

Еңбек жолын 2006 жылы Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының «Апаттар медицинасы орталығы» ММ-де бастаған. 2013 жылдан бастап  Апаттар медицинасы орталығының Нұр-Сұлтан  қаласы бойынша филиалының басшысы қызметін атқарады.

Көптеген ведомстволық марапаттарға ие.

Үйленген, үш баласы бар.

 

ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ