«Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен азаматтық қорғау органдарының 13 қызметкері марапатталды

«Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен 	азаматтық қорғау органдарының 13 қызметкері марапатталды

ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінде қызметкерлерді «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен марапаттау өтті.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ю. В. Ильин құттықтау сөз сөйледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігін қамтамасыз етуге, еліміздің тәуелсіздігін нығайтуға, Қазақстан қоғамындағы келісім мен тұрақтылықты нығайтуға, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығын атап өтуге қосқан елеулі үлесі үшін Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары Барат Оспанұлы Дұзақбаев пен Тылдық қамтамасыз ету басқармасының басшысы Зура Вахитқызы Бейсенбаева «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен азаматтық қорғау органдарының 13 қызметкері марапатталды.


                                                                  ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті