28 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында және азаматтық қорғау органдарының 25-жылдығы аясында Қарағанды облысының ТЖ департаментіне 25 бірлік құтқару техникасы тапсырылды.
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек құтқарушыларға жергілікті бюджет қаражаты есебінен сатып алынған 20 арнайы техника, оның ішінде 17 өрт сөндіру автоцистернасының, 2 авариялық-құтқару және 1 командалық машинаның кілттерін табыс етті.
Сонымен қатар, Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин жаңа техниканың кілтін табыс етті: ағымдағы жылы қарағандылық құтқарушылардың техника паркі Ішкі істер министрлігі сатып алған 5 арнайы техникамен толықты.
«Бөлімшелерді арнайы техникамен және жабдықтармен материалдық-техникалық жарақтандыру жедел әрекет етуді арттырады және тиісінше халықты қорғау деңгейін жоғарылатады. Қарағанды облысының басшылығына біздің бөлімшелерге көрсеткен қолдауы үшін алғысымды білдіргім келеді. Құтқару қызметтері облыс халқын барлық ықтимал төтенше жағдайлардан сенімді қорғауды қамтамасыз ететініне сенімдімін», - деп атап өтті Юрий Ильин.
Сонымен қатар, салтанатты іс-шара барысында ТЖД бірнеше қызметкері қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін Қарағанды облысы әкімінің ведомстволық наградаларымен және алғыс хаттарымен марапатталды.
Салтанатты іс-шараның қонақтары үшін өрт сөндіру бөлімінің аумағында авариялық-құтқару техникасы мен жабдықтарының көрмесі ұйымдастырылды. Ал өрт сөндіруші-спортшылар оқу мұнарасының 3-ші қабатының терезесіне шабуыл сатысымен көтерілгенін көрсетті.
№ 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағындағы аты аңызға айналған өрт сөндіру автомобилін еске алу үшін құрылған өрт техникасына ескерткіш құрылған. ГАЗ-51-АЦ 36/20 автомобилінің базалық шассиіндегі өрт сөндіру автоцистернасы 1951 жылдан бастап Қарағанды облысының өртке қарсы қызметінде болды. 40 жылдан астам жауынгерлік кезекшілікте бұл автомобиль 3500-ден астам өртті сөндіруге қатысты. Енді бұл өрт сөндіру цистернасы тұғырға орнатылды.
Естеріңізге сала кетейік, биыл Қазақстан құтқарушылары өзінің 25 жылдығын атап өтуде.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі