Білім күні

Білім күні

1 қыркүйекте Көкшетау техникалық институтында білім күніне және жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты іс-шара өтті.

Бірінші курсқа және барлық жеке құрамға Институт бастығы, техника ғылымдар докторы, азаматтық қорғау полковнигі С.Д. Шәріпханов құттықтау сөз сөйледі.

Сонымен қатар азаматтық қорғау ардагері С. А. Асылбеков, институт бастығының оқу жұмысы бойынша орынбасары полковник Қ. Қ. Кәрменов құттықтау сөз сөйлеп тіліктерін білдірді.

Курсанттық погондарды тапсыру бірінші курс курсанттары үшін маңызды және толқулы  сәт болды.

Елдегі жағдайға байланысты салтанатты іс-шара ашық ауада, барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуымен өтті.

Мерекелік іс-шара жеке құрам мен курсанттардың салтанатты шеруімен аяқталды.

Барлық қызметкерлерді, профессорлық-оқытушылық құрамды, курсанттарды және жаңа оқу жылын бастағандарды Білім күнімен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық пен жақсылық тілейміз! Барлық ойлар мен жоспарлар іске ассын, жаңа оқу жылы жемісті және табысты болсын!

 

Көкшетау техникалық институты