Солтүстік-Қазақстан облысында отты абайсыз пайдалану қайғылы жағдайға алып келді

Солтүстік-Қазақстан облысында отты абайсыз пайдалану қайғылы жағдайға алып келді

Отты абайсыз пайдалану өрттің пайда болуының ең көп тараған себебі болып табылады. Мәселен, 2020 жылдың басынан бастап (7 айда) елімізде осы себеп бойынша тұрғын секторда 2 015 өрт орын алды, олардың салдарынан 65 адам көз жұмды. Бұл статистика өрттің жалпы санының 47%-ы өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтамайтын және елемейтін адамдардың кінәсінен болатынын көрсетеді.

Төтенше жағдайлар комитеті азаматтарды пеш жабдықтарын, электр жабдықтарын, тұрмыстық және газ құрылғыларын, жылу беру қондырғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігінің қарапайым қағидаларын сақтауға шақырады.​

2020 жылғы 29 тамызда сағат 04.01-де Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД «112» пультіне Есіл ауданының Ильинка ауылында тұрғын үй өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Сағат 04.03-те оқиға орнына күштер мен құралдар: АЦ-6-40 (4320) техникасымен  Есіл ауданы Явленка ауылы 10-өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 4 адам жіберілді.

Оқиға орнына сағат 05.04-те (арақашықтығы 42 шақырым) өрт сөндіру жасағы келген кезде тұрғын үйдің, жабық ауланың, моншаның және шаруашылық құрылыстың толығымен отқа оранғаны, сондай-ақ өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін үйдің шатыры мен жабыны құлағаны анықталды, сол жерде «Ильинское» ЖШС өрт сөндіру бекетінің  ГАЗ-53 АЦ және 2 бірлік бөшкелері бар МТЗ-80 жұмыс істеді.

Куәгерлердің айтуынша, үйдің ішінде адамдар болған.

Өртті сөндіру барысында 1969 және 1992 жылдары туған ер адамдар, 1969 жылы туған әйел адам, 2016 жылы туған баланың күйген денелері табылды.

Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда.

Су жеткізу өрт орнынан 3 шақырым қашықтықта орналасқан су айдынынан және табиғи су айдынынан ерікті өртке қарсы құралыммен жүзеге асырылды.

Өрт сағат 05.47-де ауыздықталып, сағат 07.18-де сөндірілді.

Өрттің жалпы ауданы 188 шаршы метрді құрады.

Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінен, жергілікті атқарушы органдардан 13 адам мен 4 техника жұмылдырылды.

​​

ҚР Ішкі істер министрлігі

Төтенше жағдайлар комитетінің

баспасөз қызметі