28 тамызда Қарағанды қаласында Федоров су қоймасының акваториясында суда зардап шеккендерді құтқару бойынша арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Оқу-жаттығуға Қарағанды облысы ТЖД-ның, «Қазавиақұтқару» АҚ және Апаттар медицинасы орталығының күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Оқу-жаттығудың аңызы бойынша 4 балықшы жеке құтқару құралдарынсыз резеңке қайықпен жүзді. Желдің күрт күшеюіне байланысты жүзу құралы аударылып кетті. Жағадан алыс қашықтыққа және судың төмен температурасына байланысты балықшылар өз бетімен жағаға дейін жүзе алмады. Олардың өміріне қауіп төнді.
Оқиға орнына құтқарушылар шықты. Балықшылардың біріне шұғыл медициналық көмек қажет болды, сондықтан авиацияны тарту туралы шешім қабылданды.
Құтқарушылар тікұшақтан суға су өткізбейтін гидрокостюмдермен қонды. Альпинистік арқанның көмегімен зардап шегушіні әуе портына эвакуациялау жүргізілді.
Қалған балықшылар құтқару қайықтарының көмегімен құтқарылды.
Жағаға келгеннен кейін зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсету үшін Апаттар медицинасы орталығының бригадасына берілді.
ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юоий Ильин оқу-жыттығуда өз дағдыларын көрсеткен Қарағанды құтқарушыларына оң баға берді.
Құтқару іс-шараларын пысықтау тұрақты негізде жүргізіледі.
Суға шомылу маусымы басталғаннан бері ТЖД бөлімшелері суда 18 адамды құтқарды. Оқиғалардың жиі кездесетін себептері судағы жүріс-тұрыс ережелерін сақтамау, жүзу құралдарын мақсатсыз және техникалық ережелерді бұза отырып пайдалану, сондай-ақ шомылу кезінде спирттік ішімдіктерді пайдалану болып табылады.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі