Рудный қаласында автокәсіпорын аумағында өрт шықты

Рудный қаласында автокәсіпорын аумағында өрт шықты

24 тамызда сағат 04.19-де Рудный қаласы 2-МӨСБ байланыс пунктіне «Рудный Автотранс» ЖШС аумағында орын алған өрт туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына келіп жеткен бойда ашық алаңда жолаушылар автобусы жанып жатқаны анықталды.

Жағдайды барлай келе жанып жатқан автобустың жанында тұрған автобустарды эвакуациялау туралы шешім қабылданды.

2-МӨСБ күштері мен объектінің өкілдері 12 автобусты қауіпсіз жерге сүйреп шығарды.

10 автобус өртте жанып кетті және 2 автобус істен шықты.

Өртті сөндіруге Рудный қаласы 2-МӨСБ және «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің жеке құрамынан 18 адам, 4 бірлік техникасы жұмылдырылды.

 

Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі