
Бүгін ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтында Ресей және Беларусь Республикасы ТЖМ шетелдік жоғары оқу орындарына жіберілетін 1-ші курс курсанттарының ант қабылдау рәсімі өтті.
Ант беру салтанатты рәсімін институт бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау полковнигі Кендебай Раибеков ашық деп жариялады. Бірінші курс курсанттары курсанттық өміріндегі алғашқы айтулы оқиғамен құттықтай отырып, алдағы оқуда табыс, қиындықтарды еңсеруде берік болуды тіледі және бүгін ант қабылдаушылардың барлығы шығарылым курсының құрамында лейтенант атақтарын және дипломдарды алатынына сенім білдірді.
Қазақстан Республикасы ІІМ құрметті ардагері Сапарғали Асылбеков құттықтау сөз сөйлеп, бірінші курс курсанттарының айтқан анттары әрқайсысын өз ісіне адал болуға, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының талаптарын қасиетті сақтауға, жүктелген міндеттерді адал және кәсіби орындауға, құтқарушының жоғары атағын қадірлеуге міндеттейтінін атап өтті.
Курсант Жан Әбішев барлық бірінші курс курсанттары атынан, оларға көрсетілген сенімді ақтауға және Қазақстандық курсанттардың абыройын Отаннан тыс жерде тастамауға бар күш-жігерін салатынына сенім білдірді. Ол өзінің курстастарын білім алуда және кәсіби дағдыларды игеруде табандылық танытуға шақырды.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ведомстволық білім беруді дамытуға ерекше назар аударады, өйткені жүйенің тиімді жұмысының басты шарттарының бірі қызметтер мен бөлімшелерді кадрлық нығайту, қызметкерлердің кәсібилігін арттыру болып табылады.
2020 жылы КТИ күндізгі оқу факультетінің курсанттары құрамына барлығы 191 талапкер қабылданды, оның ішінде 37 курсант Ант қабылдады, оларды Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Ресей мен Беларусь Республикасының бейінді жоғары оқу орындарына жіберді, сондықтан оқу орындарына жіберілгенге дейін ант қабылдайды.
ҚР ІІМ ТЖК КТИ баспасөз қызметі