2024 жылғы 17 желтоқсанда сағат 12:00-де Төтенше жағдайлар министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығында (Б. Момышұлы, 2/11) «Қыс мезгілінің өтуі туралы. Авариялық-құтқару жұмыстары» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.
Спикер болып ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаментінің бас маманы Бауыржан Ахметалин, ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Қуаныш Темірбеков сөз сөйлейді.
Аккредиттеу мәселелері бойынша
ТЖМ баспасөз қызметіне 8 777 115 38 84,
8 701 529 01 87 телефондарына,
ps@emer.kz электрондық поштасына хабарласыңыздар