Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары тауда адасып қалған қыздарды тапты

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары тауда адасып қалған қыздарды тапты

Карантинге байланысты Алматы қаласының тұрғындарында бос уақытты өткізуге болатын орындар көп емес. Тіпті таулар да адамдардың үлкен топтарының жиналатын орны. Осыған байланысты серуенге тек жұмыс күндері ғана баруға болады және компания үш адамнан аспайды. Осы шаралардың барлығы коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында қабылданды. Алайда, таулы жерлердегі оқиғалардан ешкім сақтандырылмаған.

2020 жылғы 19 тамызда республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші-диспетчерлік бөліміне Құмбел шыңы ауданындағы тауларда үш қыздың адасып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Зардап шеккендердің айтуынша, Көк Жайлау арқылы шыңға көтерілгенде, олар Горельник шатқалына апаратын жолды көрсететін тақтайшаны көрді, сол жол арқылы қалаға да баруға болады. Достар осы жолмен жүруді шешті, бірақ ешкім ұзақ уақыт бойы соқпақ жолмен жүрмегені белгілі болды, ол  жолды шөп басып кетен. Қыздар бұрынғы жолмен оралуға шешім қабылдайды. 2 сағат өткеннен кейін, қажетті соқпақ жол табылмағандықтан, зардап шеккендер РЖҚЖ құтқарушыларынан көмек сұрады.

РЖҚЖ құтқарушыларының 6 адамнан тұратын жедел тобы, кинологиялық есепті қоса алғанда іздестіру-құтқару жұмыстарына шықты.

РЖҚЖ құтқарушылары зардап шеккендерге қоңырау шалды, содан кейін қыздар геолокацияны тастады, бұл іздеуді едәуір жеделдетті. РЖҚЖ қызметкерлері дәл мақсатты жерге де  жылдам жетті. Қыздар  қараңғыда табылды, ешкім медициналық көмекке мұқтаж емес. Олар жартасты жарға шығып, қараңғыда жергілікті  жерді білмей, өздігінен  шыға алмаған.

Зардап шеккендерді жедел машинаға дейін алып жүріп, оларды үйлеріне барынша жақын жерге жеткізді.

 

«ҚР ІІМ ТЖК РЖҚЖ» ММ баспасөз қызметі