Демалыс күндері республика бойынша суда 10 адам және 2 адасқан саңырауқұлақ теруші құтқарылды

Демалыс күндері республика бойынша суда 10 адам және 2 адасқан саңырауқұлақ теруші құтқарылды

2020 жылғы 15 тамызда Алматы облысы Қапшағай қаласындағы Қапшағай су қоймасында 6 демалушы құтқарылып, жағаға жеткізілді, олар түнде 9 жергілікті моторлы қайықпен серуенге шыққан, жанар-жағармай таусылып қалғаны салдарынан өз бетінше орала алмады және жағадан 20 метр қашықтықта болды

15 тамызда «Золотые пески» демалыс аймағы ауданында Қапшағай су қоймасында патрульдеу кезінде құтқарушылар 1976 жылы туған әйел мен 2008 жылы туған қызды құтқарды, олар 40 метр қашықтыққа жүзіп, өз бетімен жағаға орала алмады. Сонымен қатар, құтқарушылар 2015 жылы туған баланы тауып, туыстарына берді, ол жағалауда ойнап жүріп, жоғалып кетті.

15 тамызда Балқаш көлінде Сарқан ауданы Лепсі ауылынан 25 шақырым жердегі «Сайран» демалыс аймағында құтқарушылар 2014 жылы туған баланы тапты.

Судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары ТЖК-ның ерекше бақылауында. Судағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ТЖК профилактикалық жұмыстар жүргізіледі, күн сайын азаматтық қорғау және полиция органдары қызметкерлерінің қатысуымен рейдтер мен патрульдер жүзеге асырылады.

Жыл басынан бері еліміздің су айдындарында құтқарушылар 158 адамды, оның ішінде 33 баланы құтқарды.  Ал шомылу маусымы басталғаннан бері (1 маусым) 136 адам құтқарылды, оның ішінде 25 бала.

Сонымен қатар, жоғалған 2 саңырауқұлақ жинаушы табылды.

16 тамызда Қостанай облысы Жітіқара ауданы Жітіқара қаласынан 30 шақырым жерде құтқарушылар мен полиция қызметкерлері 1962 жылы туған және 1957 жылы туған ер адамдарды іздестіру жұмыстарын жүргізді, олар 14 тамызда саңырауқұлақ теруге шығып, қайтып оралмады. Іздеу тобы күндіз Жетіқара қаласынан 30 шақырым жердегі орман алқабынан жоғалып кеткендерді тапты.

   

ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі