Алматы қаласы Әл-фараби даңғылы 176 үй мекенжайындағы өрт туралы ақпарат

Алматы қаласы Әл-фараби даңғылы 176 үй мекенжайындағы өрт туралы ақпарат

14 тамызда  сағат 21.33-те Әл-Фараби даңғылы 176  мекенжайында өрт шыққаны туралы күзетшіден хабарлама келіп түсті.  Алматы қаласы ТЖ департаментінің күштері мен құралдары шақыртудың жоғары деңгейімен жіберілді.

Өрт сөндірушілер  7 минуттың ішінде келгенде  «Қазақфильм» киностудиясының аумағы 400 шаршы метрді қамтыған  ашық жалынмен жанып, темір шатырдың астында жиналған құрылыс материалдарының өртеніп жатқаны анықталды.  Өртті сөндіру барысында 200 шаршы метр аумақта ағаш құрылымдарының жанып жатқан екінші ошағы анықталды.   Өртеніп жатқан 2  ошақтың арасы 800 шаршы метрді құрады. Жанудың жоғары жүктемесі өте жоғары температураны тудырып, өрттің тез таралуына ықпал етті.

Жедел арада қабылданған шаралардың арқасында өрттің бірінші ошағы сағат 23.10-да, ал екіншісі сағат 23.26-да жойылды.  Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Өрт сөндірушілер «Қазақфильм» киностудиясының әкімшілік ғимаратына  өрттің таралуына жол бермеді.   Өртті сөндіруге: ТЖ департаментінен 53 қызметкер мен 16 бірлік техника, Полиция департаментінен 30 қызметкер мен 10 бірлік техника, Жедел медициналық көмек мекемесінен 6 қызметкер, 2 бірлік техника және Алматы қаласы Әкімі аппаратының Құтқару қызметінен 4 жұмыскер мен 4 бірлік техника жұмылдырылды.