Өткен тәулікте балаларға қатысты 5 оқиға орын алды

Өткен тәулікте балаларға қатысты 5 оқиға орын алды

Төтенше жағдайлар комитеті ересек адамдардың қарауынсыз қалған балалардың қауіпсіздігіне алаңдайды. 

Өткен тәулікте 2020 жылғы 11 тамызда балаларға қатысты 5 оқиға орын алды, онда 4 бала қаза тапты, ал 3 бала ауруханаға жатқызылды. Барлық жағдайларда балалар ересек адамдардың қарауынсыз қалған.

2020 жылғы 11 тамызда күндіз Алматы облысы Қарасай ауданының Жібек жолы ауылында 2019 жылы туған бала екі қабатты жеке тұрғын үйде абайсызда баспалдақтан құлап, ауруханаға жатқызылды. 

2020 жылғы 11 тамызда кешке Атырау облысының Ақсай-2 кентінде 2019 жылы туған бала жеке тұрғын үйдің ауласында 2 метр тереңдіктегі шұңқырға құлап, ауруханаға жатқызылды.

2020 жылғы 11 тамызда күндіз Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының Шошай қыстағында 2017 жылы туған қыз бала мен 2019 жылы туған ер бала жеке тұрғын үйдің ауласында тереңдігі 3 метр ашық құдыққа құлап, суға батып кетті.

2020 жылғы 11 тамызда кешке Қостанай облысының Қостанай қаласында 2015 жылы туған қыз бала екі қабатты жеке тұрғын үйде 2-қабаттың терезесінен құлап, ауруханаға жатқызылды.               

2020 жылғы 11 тамызда кешке Қызылорда облысы Сырдария ауданы Қараөзек ауылынан 5 шақырым жерде 2007 және 2010 жылы туған ер балалар Сырдария өзенінде суға шомылуға жабдықталмаған жерде суға батып кетті.

Мәселен, 2020 жылдың басынан бастап (2020 ж. 12.08. жағдай бойынша) 85 оқиға тіркелді, онда 1-ден 8 жасқа дейінгі балалардың  көппәтерлі тұрғын үйлердің терезелерінен құлаған. Осы фактілерді тіркеу кезінде 8 бала қайтыс болды, ал қалған 77 бала ауруханаға жатқызылды. 

Сонымен қатар, суға шомылу кезеңінің басынан бастап (а.ж. 1 маусымнан 12 тамызға дейін) балаларды ересек адамдардың қарауынсыз қалу салдарынан елдің су айдындарында 64 бала (2019 жылы 82 бала) суға батып кетті, ал су айдындарында 24 бала құтқарылды.

Жазғы демалыс кезінде балалардың су айдындары, суару арықтары мен каналдардың жанында болуына ата-аналардың жауапкершілігіне ерекше назар аударғымыз келеді. Сонымен қатар, ата-аналар қауіпсіздік ережелерін сақтап, баланың терезеден немесе балконнан құлау қаупін азайту шараларын білуі керек.

 

ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі