Өткен тәулікте 20 табиғи өрт және дала жануы орын алды

Өткен тәулікте 20 табиғи өрт және дала жануы орын алды

Қалыптасқан ыстық ауа райына байланысты республикада жоғары өрт қауіптілігі сақталады.

Ағымдағы жылғы 9 тамызда өткен тәулікте республика бойынша 5 табиғи өрт және 15 дала жануы оқиғасы тіркелді.​

Павлодар облысындағы 2 табиғи өрт ТЖК бақылауында, олар оқщауланды, оларды жою бойынша шаралар қабылдануда.

Бұдан басқа, өткен тәулікте Алматы, Шығыс-Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарындағы табиғи өрттер және құрғақ шөптің жануы жойылды. Аталған өңірлерде жанудың жалпы ауданы 550 га құрады. Өртті жоюға ТЖД, ерікті өрт сөндіру құрамаларының, орман шаруашылықтарының күштері мен құралдары жұмылдырылды.

ІІМ ТЖ комитеті азаматтарды дала және орман алқаптарында болған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Табиғи өрттердің туындауының негізгі себептері халықтың отты абайсыз пайдалануы, сөндірілмеген темекі, алау, жанып жатқан сіріңке, атудан кейінгі тығынның бықсуы, майлы немесе тозығы жеткен шүберек, шыны бөтелке, күн сәулесінің сынуы, көлік құралының сөндіргішінен ұшқын, құрғақ ескі шөпті жағу, найзағайдың ойнауы.

 

ҚР ІІМ ТЖК басапасөз қызметі