Аңдатпа

Аңдатпа

2024 жылғы 18 қазанда сағат 9.00-ден 14.00-ге дейінгі аралықта Құтқарушы күні қарсаңында Төтенше жағдайлар министрлігі бұқаралық ақпарат құралдары үшін баспасөз турын өткізеді.

Баспасөз турының бағдарламасында: күрделі жөндеуден кейінгі № 4 өрт сөндіру бөлімі, № 23 жаңа заманауи өрт сөндіру бөлімі, құтқару техникалары мен жабдықтарының көрсетілімі, жаңартылған ТЖМ Ахуалдық залы, сондай-ақ азаматтық қорғау органдарындағы цифрландыру және ТЖ-ға ден қою мәселелері   бойынша брифинг өтеді.

Министрліктер үйінен (Мәңгілік ел, 8, 2-кіреберіс) ТЖМ автокөлігімен баратын боламыз.

Баспасөз турына қатысушыларды аккредиттеу 2024 жылғы 17 қазанда сағат 18.30-ға дейін жүргізіледі.

 

 

 

Аккредиттеу мәселелері жөнінде

ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне 8 701 529 01 87,

8 777 115 38 84 бойынша хабарласыңыздар