
Қостанай қаласының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі Дмитрий Балацко 2024 жылы Грецияның Корфу қаласында 10-15 қазан аралығында өткен гир спорты бойынша Әлем чемпионатында Қазақстанды лайықты түрде танытты. 30-дан астам елдің өкілдері чемпиондыққа таласқан беделді жарыста Дмитрий екі дисциплинада медаль жеңіп алып, өзінің жоғары дайындығы мен шеберлігін көрсетті.
«Жұлқа көтеру» дисциплинасында Дмитрий өз салмақ дәрежесінде чемпион атанып, 32 кг салмақты гирді 184 рет көтерді. Бұл нәтиже оған тұғырдың ең биік сатысына көтерілуге мүмкіндік берді және оның чемпионаттың ең мықты қатысушыларының бірі екендігін растады.
Сонымен қатар, Дмитрий «Екі қолмен ұзақ цикл» дисциплинасында 61 көтерумен екінші орынға ие болып, күміс медаль жеңіп алды. Бұл жетістік оның чемпиондық атағын лайықты түрде толықтырды.
Дмитрий Балацко Қостанай облысы мен Қазақстанды халықаралық аренада даңққа бөлеп қана қоймай, әріптестері мен жас спортшыларға мақсатшылдық пен жігерліліктің үлгісін көрсетті. Осындай маңызды жетістіктерден кейін Дмитрий жаттығуларын жалғастырып, жаңа биіктерге ұмтылуға ниетті.
Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі