Құтқарушы күні қарсаңында: кинолог Қанат Тұрғанбай

Құтқарушы күні қарсаңында: кинолог Қанат Тұрғанбай

Қызылорда облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағы кинология тобының бас құтқарушы-кинологы Қанат Тұрғанбай 1984 жылғы 21 наурызда Қызылорда қаласында туған. Жоғары білімді заңгер. Семей қаласындағы №5511 әскери бөлімде отан алдындағы әскери борышын өтеген. Әскерде кинологияға қызығушылығы артып, кинология жұмысына машықтанған.  

Туған жерге келген соң хоббиі қызметіне айналған. 16 жылдық тәжірибесі бар кәсіби маман голден-ретривер, неміс овчаркасы және белгиялық овчарка тұқымдас 4 итті авариялық-құтқару ісіне  дайындаған. Ол отбасылы, қыз бала тәрбиелеп отырған қамқор әке. «Құтқарушы иттер тек сөйлей алмайтыны болмаса, барлығын да ұғады», - дейді кинолог Қанат.  

 

Қызылорда облысы ТЖД