
Бүгін 9 қазанда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Ерлан Нұрпейісов пен Қарағанды облысы ТЖД басшылығы Қарқаралы ауданындағы табиғи өртті сөндіру кезінде өзінің қызметтік міндетін орындай отырып қаза тапқан № 24 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Хали Хайраттың отбасында болды.
Хали Хайрат өз өмірін халыққа қызмет етуге және туған жерін оттан қорғауға арнаған нағыз батыр болды. Ведомство басшысының атынан вице-министр отбасына көңіл айтып, еліміздің қайғыға ортақ екенін атап өтті.
Сонымен қатар ТЖМ басшылығы өрт сөндіру кезінде зардап шеккен қызметкерлер жатқан Қарағанды қаласының ауруханасында да барды.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі