Анонс: Түркістан облысында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша жазғы чемпионат өтеді

Анонс: Түркістан облысында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша жазғы чемпионат өтеді

2024 жылғы 9-12 қазан аралығында Түркістан облысының Түркістан қаласында ҚР ТЖМ  өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер арасында XXX, әйелдер арасында Х жазғы чемпионаттары өтеді

Оған республиканың түкпір-түкпірінен 24 команда қатысады. Қатысушылар кедергілері бар 100 метрлік жолақты еңсеру, оқу мұнарасының 4-қабатының терезесіне шабуыл сатысымен көтерілу дисциплиналары бойынша жарысады. Ерлер, әйелдер және жасөспірімдер командалары сайысады.

Өрт сөндіру-құтқару спорты – өрт сөндірушілердің жауынгерлік дайындығын арттыратын және өртті сөндіру тәжірибесінде қолданылатын қолданбалы спорт түрі.

Жазғы чемпионат Түркістан қаласында  орналасқан Түркістан-Арена  стадионында өтеді, онда спортшылардың жақсы нәтиже көрсетуі және жоғары деңгейде жарысуы үшін барлық жағдай жасалған.

 Аккредиттеу бойынша Түркістан облысы ТЖД

баспасөз қызметіне хабарласыңыздар

ұялы тел.: 8 776 334 04 23