Алматы облысы ТЖД өрт-тактикалық жаттығуын өткізді

Алматы облысы ТЖД өрт-тактикалық жаттығуын өткізді

Өрт-тактикалық оқу-жаттығу «Retro Retail» ЖШС мұнай базасы объектісінде өткізілді.  Оқу-жаттығу барысында резервуар қоймасында орын алған шартты өртті сөндіру тактикасы игерілді. Қызметтермен өзара іс-қимыл мәселелері пысықталды.

Оқу жаттығуға 30 қызметкер және 7 бірлік техника жұмылдырылды. Сонымен қатар «ҚТЖ ҰК» АҚ Алматы магистральдық бөлімшесі желілерінің өрт сөндіру пойызын өзара іс-қимыл аясында тарту алгоритмі пысықталды.

Оқу-жаттығу нәтижелері бойынша лауазымды тұлғалардың қатысуымен талдау жүргізіліп, жекелеген мәселелер қызметке алынды.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі