Дәстүр бойынша әр сенбі сайын министр генерал-майор Шыңғыс Әрінов бастаған төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері жас ағаштардың көшеттерін отырғызады.
Бұл жолы "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында елордалық өрт сөндіру бөлімінің аумағына құтқарушылар 100 қарағай отырғызды.