ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ю. В. Ильин Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ю. В. Ильин Қызылорда облысына  жұмыс сапарымен келді

Ағымдағы жылғы 29-30 шілдеде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ю. В. Ильин Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді. 

Қызылорда облысының әкімі Г.Н.Әбдіхалықовамен кездесу барысында Ю. В. Ильин Департаменттің жаңа бастығы – азаматтық қорғау полковнигі Б.Ж. Даниловты таныстырды. 

Аймақ басшысымен өткен кездесуде өңірдегі төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қорғау қызметтерінің өзара іс-қимылын нығайту бойынша маңызды мәселелер талқыланды.   

Бұдан кейін Ю.В. Ильин гарнизонның жеке құрамына облыстық ТЖД-ның жаңа бастығын таныстырды. Іс-шара барысында Қызылорда облысы ТЖД бұрынғы бастығы О.Қ.Бержановтың атқарған еселі еңбегін, ведомстваның қызметін жандандыру және азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін дамыту бойынша ұйымдастырушылық қабілетін атап өтті.   

Кеңесте министрдің орынбасары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің алдында тұрған табиғи және техногендік сипаттағы Төтенше жағдайлардан ел халқы мен аумақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі басым міндеттерге тоқталды. Жеке құрам арасында заңдылықты қамтамасыз ету және қатаң тәртіпті сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету, халықтың ТЖ қызметкерлері мен өрт сөндірушілерге деген сенім деңгейін арттыру мақсатында қажетті шараларды атқаруды тапсырды.  

Қызметтік іссапардың екінші күні Ю. В. Ильин Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің тыныс-тіршілігімен танысты. Сонымен қатар, 2019 жылы қолданысқа берілген №7 өрт сөндіру бөлімінің ауласында үнемделген қаражат есебінен жеке құрам күшімен салынып жатқан қойма мен ангар құрылысымен танысып, бөлім өрт сөндірушілеріне халық қауіпсіздігі жолындағы істеріне сәттілік тіледі. Содан кейін жедел құтқару жасағының жұмысымен танысуға барған Ю.В.Ильин Қызылорда облысы құтқарушыларының техникалық базасымен танысты. 

 

Қызылорда облысы ТЖД