Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің кубогына қоян қолтық ұрыстан алғашқы турнир

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің кубогына қоян қолтық ұрыстан алғашқы турнир

2024 жылғы 28-29 қыркүйекте Көкшетау қаласында алғаш рет ҚР аумақтық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің қызметкерлері арасында қоян қолтық ұрыстан турнир өтеді.

Іс-шара 19 қазан - Құтқарушы күніне орай өткізіледі. Бүгінде құтқарушы кәсібі - ең қажетті, игі мамандықтардың бірі.

Алдағы спорт біріншілігінде еліміздің барлық өңірлерінен азаматтық қорғау органдарының 400 қызметкері қатысады.

Турнирдің ұйымдастырушысы министрліктің базасында құрылған «Batyr team» спорт клубы.

Жарыс өткізу орны – «Оқжетпес» спорт кешені.

Кіру тегін.

Аккредиттеу мәселелері бойынша Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне хабарласыңыздар:  + 7 707 513 63 16, + 7 707 793 69 44, ps_dchs_akm @emer.kz.