Алматы құтқарушылары: балалардың қауіпсіздігі бірінші орында

Алматы құтқарушылары: балалардың қауіпсіздігі бірінші орында

Бастауыш сынып мұғалімі балалардың болашағына үлкен әсер етеді, өйткені ол балалардың оқу қабілетін қалыптастырады, төтенше жағдайларда өзін дұрыс ұстайды, ой-өрісін кеңейтеді, дүниетанымын қалыптастырады.

Осыған байланысты Алматы қаласының ТЖД де шетте қалмады, үш күндік оқыту курсы барысында бастауыш сынып мұғалімдеріне ТЖ кезінде мінез-құлық дағдыларын үйретті.

Оқыту барысында педагогтар «Азаматтық қорғау туралы»  Қазақстан Республикасының Заңын, ҚР ТЖМ бұйрықтарын, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимылдарды зерделеді.

Бастауыш сынып балаларын мектептен қалай дұрыс эвакуациялау, ТЖ кезінде қауіпсіз орындарды қалай анықтау, 2ГИС платформасында зардап шеккен халықты қабылдау пункттерін қалай табу керектігі туралы білді, сондай-ақ «Дабыл чемоданындағы» заттармен танысты.

Барлық оқу іс-шаралары Алматы ТЖД арнайы жабдықталған кабинетінде өткізілгенін, ол барлық қажетті азаматтық қорғаныс мүліктерімен жабдықталғанын атап өткен жөн.

 

 

Алматы қаласы

Азаматтық қорғаныс басқармасы