Министр Шыңғыс Әрінов бастаған ТЖМ қызметкерлері жас ағаш көшеттерін отырғызды

Министр Шыңғыс Әрінов бастаған ТЖМ қызметкерлері жас ағаш көшеттерін отырғызды

ТЖ министрлігінде сенбі күнінің таңы жасыл желек отырғызудан басталды. “Таза Қазақстан” акциясының шеңберінде елордалық өрт сөндіру бөлімінің аумағына 70-тен астам жас қарағай көшеттері отырғызылды.

Іс-шараның форматы дәстүрге айналды. Ағаш отырғызуға біздің құтқарушыларымыздың балалары да белсенді қатысуда, олар үшін бұл іс-шара нағыз мерекеге айналды.