
2020 жылғы 2 тамызда сағат 10.53-те Ақтөбе қаласы, Локомотивная көшесі, 12 А ауданы 400 шаршы метр 8 пәтерлі барақ үйдің шатыры жанып жатқандығы туралы хабарлама келіп түсті.
Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінен, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, полиция бөлімі мен жергілікті атқарушы органдардан 62 қызметкер және 20 бірлік техника жұмылдырылды.
Өрт сағат 12.42-де оқшауланып, сағат 12.58-де толық сөндірілді.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Сонымен қатар, жанып жатқан үйдің жанында орналасқан 4 үй өрттен аман қалды.
Ақтөбе облысы ТЖД
баспасөз қызметі