
Шымкент қаласында 2020 жылғы 2 тамызда сағат 11.07-де Әл-Фараби ауданы, Төлеби көшесі бойында орналасқан «Визит» ЖШС-ның аумағында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Алғашқы өрт сөндіру бөлімдері оқиға орнына келіп жеткен кезде аталған объектіге қарасты алкогольсіз сусындарды сақтауға және өндіруге арналған жалпы көлемі 2 430 шаршы метрді құрайтын қойманың шатыры жанып жатқаны анықталды. Қойманың қабырғалары сэндвич, шатыры темір тордың негізінде профнастилден жасалған. Сағат 12.20-да аумағы 300 шаршы метр құрайтын шатыр құлады.
Өрттің жалпы көлемі 750 шаршы метр.
Өрт сағат 11.50-де оқшауланып, сағат 13.15-те толығымен сөндірілді.
Оқиға орнына №2 шақыртумен Төтенше жағдайлар департаментінің, Полиция департаментінің және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдарынан 151 қызметкер және 31 бірлік техника жұмылдырылды.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
*Ақпарат үшін: Өндірісті 2016 жылы қауіпсіз реагнтке аустырған.
Шымкент қ. ТЖД Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы