Қарағандылық құтқарушылар адасып кеткен азаматты тапты

Қарағандылық құтқарушылар адасып кеткен азаматты тапты

Бұл операция іздестіру-құтқару жұмыстарының заманауи әдістерінің тиімділігін растайды.

11 қыркүйекте Шахтинск қаласында Новодолинский кентінің маңында жоғалып кеткен 1941 жылы туған әйел адамды іздеу жұмыстары сәтті аяқталды. 9 қыркүйекте құрбысының үйінен шығып, адасып кеткен әйелді құтқару жасағының құтқарушылары квадроцикл көлігімен жоғалған орыннан небәрі 4 шақырым жерден тапты.

Құтқарушылардың үйлесімді күш-жігерінің арқасында ТЖД 5 құтқарушысы, кинологиялық есептобы, ұшқышсыз ұшу аппараты, 4 бірлік техникасы және ПД бір бірлік техникасы, жеке құрамынан 3 адам жұмылдырылған іздеу операциясы сәтті аяқталды. Әйелдің жағдайы жақсы, жарақат алмаған.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі