
ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының міндетін атқарушы Дамир Бекпасов өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында шомылу маусымының қорытындылары туралы тақырыбында сөз сөйледі.
Облыстың су айдындарында төтенше жағдайдың туындау қаупін азайту жөніндегі іс-шаралар кешені алдын ала басталды. Ағымдағы жылы шомылу үшін 12 рұқсат етілген, оның ішінде 3 коммуналдық және 9 жеке жағажай шомылу орны анықталды. Балалардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жүзуді үйрету мақсатында, облыс бойынша 4 жабық және 37 рамалық-модульді бассейндер жұмыс жасады.
1 маусым мен 31 тамыз аралығында апта сайын жұма күндері Орал қаласының «Қалалық мәдениет және демалыс саябағы» коммуналдық жағажайында «Ашық аспан астындағы қауіпсіздік мектебі» жұмыс жасады, оның аясында 2 мыңнан астам адам оқыды.
Өткен жылмен салыстырғанда адамдардың қаза болуы 14%-ға төмендеді. 2024 жылғы шомылу кезеңінде 12 адам суға батып кетті, оның ішінде 6 бала.
ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарына су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын сақтауды, төтенше жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалуды еске салады.
БҚО ТЖД баспасөз қызметі