
ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті азаматтық қорғау органдарының 25 жылдығын мерекелеу шеңберінде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің арасында құтқарушылардың жұмысы туралы үздік фильм, репортаж және мақалаға шығармашылық конкурс жарияланғаны туралы хабарлайды.
Байқау БАҚ-тың назарын төтенше жағдайлардың санын азайтуға, қазақстандық құтқарушының оң имиджін қалыптастыруға және жалпы Комитеттің қызметіне бағытталған халық арасында тыныс-тіршілік қауіпсіздігі мәдениетін насихаттау мәселелеріне аударуға, құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің қиын еңбегі, олардың төтенше жағдайлар және олардың салдарын жою кезіндегі ерлігі мен батырлығы туралы ақпаратты қалың жұртшылыққа жеткізуге бағытталған.
Конкурсқа қатысуға Комитеттің қызмет саласына қатысты баспа, интернет-басылымдарда жарияланған немесе 2020 жылғы 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейінгі кезеңде эфирге шыққан жұмыстар жіберіледі:
Жарияланған материалдардың түпнұсқасын немесе көшірмесін интернет-сайтта орналастырылғанын растай отырып, көрсетілген мерзімнен кешіктірмей korkem_9792@mail.ru электрондық поштаға жіберу қажет.
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі азаматтық қорғау органдарының 25 жылдығын мерекелеу шеңберінде 2020 жылғы 19 қазанда өтеді.
Анықтама телефоны:
8 717 2 60 21 40
8 717 2 60 09 75
ҚР ІІМ ТЖ комитетінің
баспасөз қызметі