Қытайда өрт сөндіру-құтқару спорты өтуде

Қытайда өрт сөндіру-құтқару спорты өтуде

2024 жылғы 6 қыркүйекте Қытай Халық Республикасының Харбин қаласында бас төрешілер алқасының отырысы және өрт-құтқару спортынан ерлер арасындағы XIX чемпионаттың және әйелдер арасындағы X әлем чемпионатының жеребесі өтті.

Әлем чемпионаттарына 10 ерлер мен 7 әйелдер командасы қатысады. Оның ішінде 10 елден 98 ер адам және 7 елден 52 әйел. Спортшылардың жалпы саны 150 адам.

Сонымен қатар бас төрешілер алқасының құрамында Қазақстан Республикасының төрешілері де бар:

Дәурен Төлегенұлы Данаев-халықаралық санаттағы төреші, допингке қарсы комитеттің мүшесі;

Сачков Павел Владимирович (Алматы облысы ТЖД) - халықаралық санаттағы төреші, бас хатшының орынбасары.

Суслов Федор Александрович (Қарағанды облысы ТЖД) - халықаралық санаттағы төреші, стартер.

Асқар Қуанышбекұлы Базарбаев (Алматы қ. ТЖД)-халықаралық санаттағы төреші, спорттық-техникалық комиссияның мүшесі.

7-10 қыркүйек аралығында елдер жеке және командалық біріншілікте бақ сынайтын болады.

Ертең шабуыл сатысымен көтерілуден жарыстың бірінші кезеңі өтеді.